Текст
Театр баланы адамгершілікке тәрбиелейді. Театр – бала ойнағанда қуанатын, ойнай отырып, қоршаған әлемді танитын, яғни театр баланың эмоциялық әлеміне әсер ететін сиқырлы әлем. Бала бойындағы зейіннің, қызығушылықтың, шығармашылыққа ұмтылыстың көрінуі эмоционалдық мотивацияларды, әсерлерді жаңартуды қажет етеді.Бұл тұрғыда театр қызметінің орасан зор оң мәнін атап өткен жөн. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған бұл әрекет балалардың өміріне жаңа құнды мазмұн әкеледі, қуаныш сезімін оятады, барлық күштер мен қабілеттерді белсенділікке, соның ішінде сөйлеуді дамытудағы қабілеттерге ынталандырады.