Текст
Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында мектепте "Жас Ұлан", "Жас қыран"ұйымдарының қатарына үздік оқушыларды қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты рәсім барысында "Жас Ұлан", "Жас қыран" қатарына 1 және 5 сынып оқушылары қабылданды. Олардың барлығы партриот болуға, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және туған жерін сүюге ант берді. Жас жасұландықтар балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып, үлкен жауапкершілікті өз мойнына алатынын жақсы түсінеді. Сондықтан олардың әрқайсысы мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға және жақсы оқуға ниетті.